00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

«Мұқағали» фильмі Қазанда өтетін халықаралық кинофестивальге қатысады

25.02.2023 | 10:41
Елорда ақпарат
29

Татарстанда өтетін Қазан кинофестивалінің іріктеу комиссиясы төрағасы Нина Кочеляеваның айтуынша, биыл байқауға қатысуға бірнеше мемлекеттен өтінім келіп түскен.

Нәтижесінде негізгі толықметражды фильмдер байқауына 10 фильм іріктеліп алынды, оның ішінде Түркия, Қазақстан, Үндістан, Иран, Бангладеш, Ресей, Мысыр, Шри-Ланка мемлекеттерінің туындылары, сондай-ақ екі ел бірлесіп түсірілген 2 туынды бар. Жалпы биыл 44 елден 625 өтінім түскен.

Сонымен қатар Қазан кинофестивалі шеңберіне екінші рет кино нарық ұйымдастырылып, дарынды киногерлерге өздерінің жобаларын іске асыруға мүмкіндік беретін халықаралық питчинг (сценарийлер байқауы) өткізіледі.

Айта кетейік, Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген кинотуынды қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды.

 

Барлық жаңалықтар