00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада өзге ұлт өкілдері арасында би этнофестивалі өтті

25.02.2023 | 05:18
Елорда ақпарат
35

Іс-шара "Шабыт" Қазақ ұлттық өнер университетінде өтті. Оған өзбек, қырғыз, неміс, армян, корей, украин, поляк, шешен-ингуш және қарақалпақ этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Шығармашылық ұжымдар көрермендерге заманауи бидің түрлі бағыттарын ұсынды.

Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, этнофестивальдің негізгі мақсаты – қатысушылардың кәсіби шеберлігін арттыру, жас таланттарды анықтау, балалардың би шығармашылығын қолдау және дамыту, сондай-ақ еліміздегі жалпыұлттық бірлік пен келісімді қолдау.

Барлық қатысушылар мен көрермендерді Халық биі фестивалі сияқты тамаша мерекемен құттықтағым келеді. Бүгін сахнада 10 ұжым өнер көрсетті, олардың көп болғанын, басқа халықтардың мәдениетімен жиі танысқанын қалаймын – бұл біздерді біріктіреді, - деп бөлісті "Вайнах" ансамблінің көркемдік жетекшісі Ханифа Мациева.

Фестиваль қатысушылары алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Барлық жаңалықтар