00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

«Ол кім соншама?»: Рымбаева суретке түспек болған жігітті не үшін итеріп жібергенін айтты (ВИДЕО)

25.02.2023 | 04:52
ҒаниАтымтай
23

Әнші бұл туралы Тимур Балымбетовтың Youtube-арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: ”Иди, не мешай!”: Роза Рымбаева өзімен суретке түскісі келген жігітті итеріп жіберді (ВИДЕО)

”Қызығып тыңдайды”: Рымбаева Imanbek-пен ремикс жазуға қалай келіскенін айтты (ВИДЕО)

Сол көрермен әртісті сыйламады. Мен мыңдаған көрерменнің алдында ән айтып тұрсам, селфи жасап жатыр. Менің ән айтып тұрғанымда, образда тұрғанымда, мыңдаған халықтың менің әнімді тыңдап тұрғанында шаруасы жоқ. Өзінің ойын жасап жатыр. Бәріне көрсету керек қой. Ал менің Халық әртісі бола тұра халыққа қызмет етіп, өнер көрсетіп жатқаным оны қызықтырып тұрған жоқ. Біздің көрермендердің ана жақты қолдап кететіндігі кішкене мәдениеттің төмендігі деп ойлаймын. Кейінгі 30 жылдықта егемендік келді. Фонограмма деген сәнге шықты, соның арқасында жұлдыздар көбейіп кетті. Телеарна мен радиодан сәнді әндерді кешке дейін береді, содан осындай тәрбие, жол ашылып кетті. Көрермен де, әншілер де еркіндікте. Нені қалаймын, соны істеймін деген сияқты. Одан да шаршайтын күн болатын шығар. Саннан гөрі сапасына көшетін шығармыз деп үмітімді үзбеймін. Бірақ өзім бір ұстаныммен ғана жүретін адаммын. Мені, өнерімді сыйламайтын адамға «ары тұр» деп айтамын. Мыңдаған көрерменге қарамай, селфи жасап жатыр. Менімен селфи жасайтындай ол кім соншама? «Бөгет болма, былай тұр, ән айтуға мүмкіндік бер» дедім. Айқайлаған жоқпын, итерген жоқпын. Не істеймін енді? Онымен түссем, екінші, үшінші көрермен шығады. Сосын өзіңді таптайды. Еркіндіктің де шегі болуы керек, - деді Роза Рымбаева.

Барлық жаңалықтар