00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Чехияда Димаш Құдайбергеннің аяғын жерге тигізбеді (ФОТО, ВИДЕО)

25.02.2023 | 04:48
Елорда ақпарат
44

Dimashnews.com-ның жазуынша, жақын арада Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтетін Аренаның «Типспорт» аумағын жылы және мерекелік атмосфера жайлаған.

Чехия, Финляндия, Бразилия, Ресей, Румыния, Украина, Германия, Болгария, Канада, Ұлыбритания, Испания, Перу, Польша, Қазақстан және басқа да елдердің өкілдері Димашты Чех Республикасының жүрегі – Прагада үлкен қуанышпен қарсы алды.

Оқи отырыңыз: Димаш Құдайберген алысқа бара алмайды… – Бақыт Шадаева (ВИДЕО)

Дәстүр бойынша, Dears сүйікті әншінің әндерін бірлесіп орындау арқылы күту уақытын қысқартты.

Тағы оқыңыз: Димаштың Дюссельдорфтағы концертінде жанкүйерлер “Дайдидауды” қосыла шырқады (ВИДЕО)

Чехия жанкүйерлері Димашпен қымбатты қонақтардың қонақжай кездесуін ұйымдастырды. Ұлттық чех костюміндегі Dear қолынан дәстүрлі нан-тұзды әншінің өзі және оның ата-анасы алды. Сондай-ақ әншіге жергілікті шеберлердің ұлттық чех стилінде қолдан жасалған әдемі сыйлықтары табыс етілді.

Күтіп алушылар өте көп болғандықтан Димашқа көліктің үстіне шығып отырып қолтаңба таратуға тура келді, жанкүйерлерімен сөйлесіп, олардың жылы шырайлы қабылдауы үшін алғысын айтты.

Барлық жаңалықтар