00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

«Қызығып тыңдайды»: Рымбаева Imanbek-пен ремикс жазуға қалай келіскенін айтты (ВИДЕО)

25.02.2023 | 04:06
ҒаниАтымтай
41

NUR.KZ-тің жазуынша, бұл туралы Роза Қуанышқызы НТК телеарнасына берген сұхбатында айтқан.

Шынымды айтсам, осы баламен дуэт айтамын деген ойымда болған жоқ. Ұсыныс келді, оны маған Әли айтты. Және де басқаша, дискотека, клубка арналған стильде жасасақ, қалай қарайсыз деп ұсыныс білдірді. «Оны жасайтын өздеріңсіңдер. Жоғары деңгейде жасасаңдар, неге айтпасқа?» дедім. Келістім, осындай ән болып шықты. Біреу түпнұсқасын жақсы көреді, біреулер осы нұсқасын қызығып тыңдайды, –  деді Рымбаева.

Оқи отырыңыз: DJ Imanbek Роза Рымбаеваның “Наурыз-думан” әніне ремикс жасады (АУДИО)

Мемлекет басшысы Grammy иегері Иманбек Зейкеновті құттықтады

Сонымен қатар өнер иесі Зейкеновке деген көзқарасының өзгергенін білдірді. 

Иманбек – жеке-дара, өзінің музыкасымен келе жатқан бала. Иманбек егер де қазақ әнін жасап шығарса, ерекшеленер еді, –  деді ол.

Тағы оқыңыз: ”Иди, не мешай!”: Роза Рымбаева өзімен суретке түскісі келген жігітті итеріп жіберді (ВИДЕО)

Айта кетерлігі, екіжақты келісім бойынша ремикс жазылып, жұмыс сонымен аяқталды. Рымбаеваның Иманбекпен бір сахнаға шығар ойы жоқ.

Алайда ұлы Әлидің айтуынша, елдің көңілінен шыққан жұмыс болашақта жалғасын табуы мүмкін. 

Әзірге келісімшарт бойынша жұмысымыз осымен аяқталды. Бірақ кім біледі, сәтті шыққан жұмысты әрі қарай жалғастыруымыз мүмкін, –  деді Әли Оқапов. 

Барлық жаңалықтар