00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

DJ Imanbek Еуропа мен Америкада тур өткізеді

25.02.2023 | 04:06
Елорда ақпарат
47

Музыкант алдағы концерттердің кестесін Instagram-парақшасында жариялады.

«Рахмет» турын өткізетінімізді қуана хабарлаймыз.  Сіздің қалаңызға барар күнді өткізіп алмаңыз, – деп жазды Иманбек.

Бірінші шоу биыл 8 сәуірде Нью-Йоркте өтеді. Әзірге 24 концерт туралы ақпарат жарияланды.

Оқи отырыңыз: DJ Imanbek Роза Рымбаеваның “Наурыз-думан” әніне ремикс жасады (АУДИО)

Imanbek АҚШ-та концерт өткізеді

Манхэттеннің басты қаласы Нью-Йоркте Иманбекті қарсы алу үшін бізге қосылыңыз, – делінген Harbor түнгі клубының парақшасында.

Әлемдік тур 25 қыркүйекке дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде ол Канада, Швеция, Норвегия, Италия, АҚШ, Латын Америкасы және басқа да елдерде өнер көрсетеді. Соңғы шоу Германияда өтеді, онда Иманбек Lollapalooza фестиваліне қатысады.

Еске салайық, 21 жастағы Иманбек Зейкенов Grammy номинациясын жеңіп алған алғашқы қазақстандық атанған еді. Ол SAINt jhn-нің Roses композициясына ремикс жасағаны үшін үздік деп танылған. Оның нұсқасындағы Roses хит болып, 20 аптадан аса уақыт қатарынан Billboard Hot 100 чартының үздік ондығында тұрған. 

Сонымен қатар, 2021 жылғы желтоқсанның аяғында Иманбек «MTV Россия» нұсқасы бойынша жыл музыканты атанған болатын.

Барлық жаңалықтар