00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

«Мұқағали» көркем фильмі Үндістанда көрсетіледі

25.02.2023 | 02:23
Елорда ақпарат
35

Айта кетерлігі, бұл байқауда Берлин және Канн сынды  басқа да әлемдегі беделді фестивальдерде жүлделерге ие болған фильмдер ұсынылады.

Естеріңізге сала кетсек, Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Мұқағали» фильмі қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды.

 Фильмнің әлемдік тұсаукесері Таллиндегі «А» санатындағы 25-халықаралық «Темные ночи» (PÖFF)  кинофестивалі шеңберінде өтті. Байқаудың негізгі бағдарламасына қатысқан отандық кинотуынды  экуменикалық қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды. Былтыр қазан айында биографиялық драма елімізде прокатқа шығып, көрерменнің ыстық ықыласына ие болғанын айта кету керек.

 Керала халықаралық кинофестивалі Үндістанда өтетін ең ірі әрі беделді байқаулардың бірі. Мәдени іс-шара Керала штатының мәдениет департаменті ұйымдастыруымен жыл сайын желтоқсан айында өткізіледі. Биылғы фестиваль Covid-19  пандемиясына байланысты наурыз айына ауыстырылып, дәстүрлі форматта өткізілетін болады. Фестиваль шеңберінде барлығы 180 фильм көрсетіледі.

 

 

Барлық жаңалықтар