00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Алаш қайраткерлерінің өмірлік үлгісі де, шығармашылық өнегесі де аса қымбат – Ерлан Қарин

25.02.2023 | 01:25
Елорда ақпарат
53

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет және басқалары Қаламгерлер аллеясында орналасқан «Алаш қайраткерлері» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.                     

Бізге Ахмет Байтұрсынұлы сияқты сияқты Алаш қайраткерлерінің өмірлік үлгісі де, шығармашылық өнегесі де аса қымбат. Өйткені жасампаз тұлғаның еңбегі біздің азаттық аңсарларымен, тәуелсіздік мұраттарымен тікелей сабақтасып жатыр. «Ел бүгіншіл – менікі ертең үшін» деп ұлт ұстазы айтқандай, біз ертеңнің таңында тұрған ұрпақпыз. Халқымыз алдыңғы буынның азаттық жолындағы күресінен тәлім ала білуге тиіс. Өткен ғасырдың басы еліміздің азаттық жолындағы күрес кезеңі ғана емес, ауқымды ағартушылық дәуірі ретінде тарихқа енді. Бастауында Шоқан, Ыбырай, Абай тұрған ағартушылық идеялар Ахаңдардың тұсында жаңаша өрістеді. Сөйтіп, бұл кезең қазақтың жаңғыру кезеңі болды, – деді Мемлекеттік хатшы. 

Сондай-ақ Ерлан Қарин дүниежүзінің тарихына зер салсақ, халықтар мен мемлекеттер реформатор тұлғалардың арқасында дамудың жаңа белестеріне көтерілгенін еске салды.

Ахаң қазақ үшін осындай тұлға. Ахмет Байтұрсынұлы өмір сүрген дәуір мен қазіргі тәуелсіздік заманын байланыстыратын ортақ мүдде – ұлттық болмысты сақтай отырып, өркениетті ел болу. Ұлт ұстазы қай заманда да халқымыздың ұлы көсемі болып қала береді, – деді ол. 

Тағылымды іс-шара соңы Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында ғылыми-тәжірибелік конференцияға жалғасты. Оған Мемлекеттік хатшы Е. Қарин және алыс, жақын шет мемлекеттерден ахметтанушылар, алаштанушылар, әдебиетші ғалымдар, тарихшылар, зиялы қауым өкілдері, депутаттар және т.б. лауазымды тұлғалар қатысты. М. Қойгелдиев, Ш. Құрманбайұлы, Д. Қамзабекұлы,  А. Фазылжанова, Ж. Смағұлов, Ө. Әбдиманұлы, А. Ісмақова, Ж. Жақыпов, Ш.Жалмаханов, А. Салқынбай, О. Жұбаева, Қ. Күдеринова, Б. Момынова, Ұ. Еркінбай, Т. Аитова, М. Ермұхамет, Т. Шанбай, С. Аққұлұлы, Р. Имаханбет, Қ. Сақ, А. Әбсадық, Е.Тілешов пен А. Қыдыршаев және тағы басқа да ғалымдар мазмұнды баяндама жасады. 

«Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ филологиясының мәселелері», «Ахмет Байтұрсынұлы және қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар» атты секциялық отырыстар болады.

Конференциядан кейін сағат 18.00-де Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филормонияда «Ұлт ұстазы» атты әдеби-сазды кеш өтеді. 

Фото: Оңалхан Өнерхан 

Барлық жаңалықтар