00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астаналық театр әртістері доп додасына түсті

24.02.2023 | 19:39
Елорда ақпарат
33

Елордадалық театрлар арасында ұйымдастырылған футболдың шағын турниріне Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазық музыкалық драма театры, Жастар театры, «Астана Опера», Әзербайжан Мәмбетов театры, Музыкалық жас көрермен театры, «Астана Мюзикл» театры сынды өнер ұйымдары қатысты. Халықтың қошеметіне бөленіп жүрген әртістер бұл турнирде де белсенділік танытып, әдемі ойын көрсетті.

Жеңімпаз атанған командалар мен үздік деп танылған ойыншылар арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Атап айтсақ, жүлделі бірінші орынды «Астана Опера» театры, екінші орынды «Астана Мюзикл» театры иеленсе, үшінші орынды Музыкалық жас көрермен театры қанжығасына байлады. Ал «Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша «Астана Опера» театрының артисі Бахтияр Бостанбаев, «Үздік қорғаушы» номинациясы бойынша «Астана Мюзикл» театрының актері Арнат Жамаш, «Үздік қақпашы» номинациясы бойынша Музыкалық жас көрермен театрының актері Аққанат Қуандықов марапатталды. 

Барлық жаңалықтар