00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Нұр-Сұлтанда өзбек киносының күндері басталды

24.02.2023 | 19:35
Елорда ақпарат
38

Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында өзбек киносы күндерінің салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. 

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапарына орай ұйымдастырылған мәдени шараға Өзбекстанның белгілі кинорежиссерлері мен актерлері қатысты. 

Кинематографистер делегациясын «Өзбеккино» ұлттық агенттігінің бас директоры Фирдавс Абдухаликов басқарып келді. Оның айтуынша, меморандум аясында екі ел кино саласында халыққа жаңа өнімдер ұсынып, ортақ жобаларды жүзеге асырып, оқыту курстарын ұйымдастырмақ. 

Шара Президенттің Қазақстанға келуіне орай өтіп жатыр. Бүгінгі таңда Өзбекстан кинематографияcы қазақстандық кино саласына ортақ жобалар жайлы ұсыныс жасай алатын дәрежеде екенін мақтанышпен айтамыз. Сонымен қатар жас мамандарымыз да тәжірибе алмаса алады. Бүгін “Шабыт” өнер университетінде қонақта болдық. Оқу орнында болашақ мамандарға қандай жақсы жағдайлар жасалғанын көрдік. Бүгінгі меморандум аясында ортақ жобаларымыздың саны артады деген үміттемін, - деді ол. 

Қазақстан тарапынан шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, сондай-ақ еліміздің кино өнерінің көрнекті қайраткерлері қатысты.

Үш күн бойы, яғни, желтоқсанның алтысы мен сегізі аралығында біз үшін Өзбекстан киносының заманауи туындыларымен танысу мүмкіндігі бар. Өзбек фильмдері кинотеатрларда ғана емес, республикалық телеарналарда да көрсетілетін болады, - деді министр.

 

 

 

Барлық жаңалықтар