00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Қазақстандық жас таланттар Жамбылдың рухына тағзым етті

24.02.2023 | 18:36
Елорда ақпарат
43

Жоба Алматы қаласындағы Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Іс-шараға өнер жолына енді қадам басқан фестивальдің қатысушылары мен есімі көпшілікке танылған жас әртістер қатысты. Өнерлі жастардың қатарында Kyle Ruh, Ziruza, Ray, Nei1tron, Madi Rymbaev, Soulbirkez және Esko бар. Бүгіндері олардың есімдері қазір жастар арасында танымал. Осы әртістердің әрқайсысы өнердегі ерекше жетістіктерімен бөлісе алады. Бұл, өз алдына, шығармашылық жолына енді қадам басқан жас таланттар үшін жақсы үлгі болмақ.

Кейін шара Алматы облысындағы Қарақыстақ және Жамбыл ауылдарында орналасқан Сүйінбай мен Жамбыл музейлерінде жалғасын тапты. Қатысушылар ұлы ақындардың рухына тағзым етіп, музейлердегі құнды жәдігерлермен танысты. Сондай-ақ, жас әртістер Қарақыстақ ауылының ардагерлер ансамблінің өнерін тамашалады.

Еске салсақ, «Жыр алыбы – Жамбыл» фестиваліне өнердің жолына енді қадам басқан жас музыканттар қатысады. Қатысушылар Instagram, YouTube, Facebook әлеуметтік желілері арқылы іріктелді. Іріктеу кезінде жастардың артістік шеберлігіне, сөз саптауына, мәтін идеясының ерекшелігіне, вокалдық қабілеттеріне басымдық берілді. Қатысушылар арасында Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері бар. Олар – орыс, белорус, өзбек, ұйғыр және өзге этностар.

Фестиваль Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өтуде. Жаңа фестивальдің мақсаты – Жамбылдың мұрасын насихаттай отырып, жас таланттарды қолдау, Қазақстан аймақтары арасында кәсіби-шығармашылық байланысты нығайту.

Фестивальдің гала-концерті бүгін, яғни 20 қараша күні сағат 18.00-де Алматы қаласындағы Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында өтеді.

Барлық жаңалықтар