00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Қазақ кинолары Қырғызстанда көрсетіледі

24.02.2023 | 15:46
Елорда ақпарат
27

Іс-шараға қатысқан министр Ақтоты Райымқұлова екі ел арасындағы қарым-қатынастардың тамыры тереңде жатқанын тілге тиек етті.

«Қырғызстанның көптеген танымал кинематографисінің шығармашылығы Қазақстанмен, атап айтқанда Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясымен тығыз байланысты екенін бәріміз білеміз. 1968 жылы жас режиссер Болот Шәмшиев халқымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Қараш асуындағы атыс» туындысы желісінде фильм түсіріп, осы бір керемет жұмысымен көрермендердің жоғары бағасын алды. Сонымен қатар Болот Шәмшиев түсірген қазақ халқының қайсар қызы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ерлігін арқау еткен «Мергендер» фильмі қазақ кинематографының алтын қорына қосылды. Бұл кино күні бүгінге дейін экраннан түспей, көрсетіліп келеді. Айта берсек, мұндай мысалдар өте көп. Қырғызстанда қазақ киносының күндерін ұйымдастыру біздің елдеріміздің арасындағы киноиндустрия саласындағы өзара байланыстардың бірлесіп өркендеуі мен дамуына серпін беретініне сенімдімін», – деді ол.

Айта кетейік, «Манас» кионотеатрында басталған қазақ киносы күндері 9 қазанға дейін жалғасады. Қырғызстандық көрермен назарына Рүстем Әбдірашевтің «Алмас қылыш», Ақан Сатаевтың «Томирис», «Жау жүрек мың бала», «Анаға апарар жол», «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмдері мен Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазының «Мұзбалақ», Адай Әбілдиновтің «Күлтегін» анимациялық фильмі ұсынылады.


 

Барлық жаңалықтар