00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

TiJi енді қазақша сөйлейді

24.02.2023 | 15:06
Елорда ақпарат
68

Ведомство басшысы Аида Балаева «Groupe M6» компаниясының телеарналар мен радиостанциялар портфелін халықаралық дистрибуциялау жөніндегі директоры Жан-Рене Окутюрье және Халықаралық дистрибуция жөніндегі директоры, «Лти Восток» бас директоры Мария Жабина-Пантеликпен кездесті. Тараптар балалардың танымал мультипликациялық арналарын, атап айтқанда, «TiJi» телеарнасын қазақ тіліне аудару бойынша ынтымақтастықты дамыту жағын талқылады. 

«Сіздің арнаңыздың осындай жобаларды іске асырудағы тәжірибесін және хабар таратудағы тілдерінің молшылығын назарға ала отырып, біздің ұсынысымызды қабылдағаныңызға қуанышымды білдіремін», –  деп атап өтті министр кездесуде.

Тараптар бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екендігін білдірді.

Барлық жаңалықтар