00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада «Сүлейлердің ізімен» атты жыршылар кеші өтті

24.02.2023 | 15:01
Елорда ақпарат
69

Шараға қатысушылардың бірі, Қазақконцерт солисі Күнсұлу Түрікпеннің айтуынша, Сыр бойы ақын-жыршыларының «сүлей» деп аталуында үлкен мән бар.

«Сүлейлердің ізімен» жыр кешінде Жамбыл Жабаевтың, Кете Жүсіптің, Тұрмағамбет, Нартай, Базар сияқты ақын-жыраулардың шығармалары дәріптеліп, ұлттық өнеріміздің өзекті тақырыптары көтерілді. Ұлттық, тәрбиелік және танымдық мәні зор шығармалардан тұратын бұл концерт Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арналды», - дейді ол.

Бұл ретте белгілі жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алмас Алматов бастаған концерт жаңа форматта өтті. Атап айтқанда, Қазақконцерттің жаңа 61-концерттік маусымындағы кешті көрермендер әртістермен бірге сахнада отырып тамашалап, концерттің тікелей қатысушысы бола алды.

Барлық жаңалықтар