00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Шетелдің «шаңын шығарған» «Барымташылар» елге оралды

24.02.2023 | 14:49
Елорда ақпарат
60

«Қазақфильм» және жапондық Tokyo New Cinema компаниясы атсалысқан фильмде тыныш өмірінің шырқын бұзып, барымташылар отағасын аяусыз өлтірген отбасы туралы баяндалады. Картинаның режиссерлары – Ерлан Нұрмұхамбетов (Қазақстан) және Лиза Такэба (Жапония).

«Жапондық режиссермен Канн кинофестивалінде таныстым. Ол фестивальге Нұр-Сұлтан қаласындағы Өнер университетінің атынан қатысқан едім. Фильмнің сценарийі туралы айтып бергенде, оған картинаның желісі бірден ұнады. Кейін телефон арқылы байланысқа шықтық. Ол мені жапондық продюсермен таныстырды. Нәтижесінде «Қазақфильм» киностудиясынан қолдау тауып, фильмнің түсіріліміне кірістік», - дейді Ерлан Нұрмұхамбетов.

Бұл фильмде басты рөлдерді Канн кинофестивалінде үздік актриса атанған Самал Еслямова, театр және кино актері Дулыға Ақмолда және жапондық актер Мирай Морияма, ал әкесін жоғалтқан баланың рөлін 14 жастағы Мәди Мінайдаров есімді жас актер сомдады.

Еске сала кетсек, «Барымташылар. Уақыт жолы» фильмі алғаш рет 2019 жылы Азиядағы ең ірі кинофестивальдердің бірі – Бусан шеңберінде көрсетілді. Ал былтыр Токиодағы халықаралық кинофестиваль шеңберінде көрсетіліп, Жапонияда прокатқа шықты. Сондай-ақ Скандинавиядағы Göteborg International Film Festival атты ең ірі фестивальде көрсетілді. Одан бөлек, Гонконг, Прага, Барселона, Нью-Дели, Хельсинки, Торонто, Коттбус, Женева сынды қалаларда өткен фестивальдерге қатысты.

2021 жылдың 29 маусымында фильм Францияда прокатқа шығып, 20-дан астам қалада көрсетілді. Ал қазан айында ол сандық TV+ телеарнасы арқылы көрсетілмек.

Барлық жаңалықтар