00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елімізде фильмдерді міндетті түрде қазақ тілінде дубляждау талабы енгізіледі

15.02.2023 | 15:56
Елорда ақпарат
56

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын іске асыру мақсатында «Кинематография туралы» Заңға өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр. Заң жобасына енгізілетін түзетулер міндетті дубляжды немесе фильмнің қазақ тіліндегі түпнұсқасын талап етуге, сондай-ақ сөздердің орфографиялық нормалары мен тәртібінің сақталуын, олардың дұрыс құрастырылуы мен айтылуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазіргі уақытта мүдделі органдар, қоғамдық ұйымдар өкілдерінен және кинематография қайраткерлерінен жасақталған жұмыс тобы құрылып, 10-нан астам отырыс өтті. Онда кинематографияның кинокомиссияларды құру тетігі, фильмдерді қазақ тіліне дубляждау бөлігіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Істің орындалуы алдағы уақытта да жобалық кеңсе арқылы қадағаланады.

Айта кетейік, бүгінгі таңда қазақ тіліндегі 35-тен астам фильм прокатқа шығып, оған демеушілер 1,4 миллиард теңге бөлген.

Заң жобасы Үкіметте биыл қазан айында қаралады. Содан кейін ол желтоқсанда Парламент Мәжілісінің қарауына жіберіледі. Жол картасына сәйкес 2022 жылы Заңды қабылдау жоспарланып отыр.

Барлық жаңалықтар