00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Жақында ғана баспаналы болған олимпиада жүлдегері қайтыс болды

08.07.2023 | 18:16
47
Фото: Abai News

Семейде Сурдолимпиада ойындарының қола жүлдегері Ләззат Бақтиярова кенеттен көз жұмды деп хабарлады Elorda.info  Abai News Тelegram-арнасына сілтеме жасап.

Ол түрлі әлемдік турнирлер мен дзюдо чемпионаттарында нашар еститін спортшылар қатарында Қазақстанның намысын қорғап жүрді.

Ләззат Бақтиярова әлем чемпионатының, XXIV жазғы Сурдолимпиада ойындарының және алғашқы Азия-Тынық мұхиты ойындарының қола жүлдегері. Ол спортта үлкен биіктерге жетті және одан да биік шыңдарды бағындыруға үлкен үміт артты.

Облыстық спорт басқармасы Ләззат Бақтиярованың туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтты.

Естеріңізге сала кетсек, 9 маусымда спортшы Семей әкімінің қолынан тұрғын үй қорынан «Қарағайлы» шағынауданындағы жаңа пәтердің кілтін тегін алған болатын.

Барлық жаңалықтар