00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Qazaqstan Barysy Grand Slam: Шамшадин мен Қырғызбаев финалға шықты

16.06.2023 | 17:30
36
Фото: ijf.org

Бүгін Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысы басталды. Жарыстың алғашқы күнінде екі қазақстандық спортшы финалға шықты, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстан сапынан 60 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Мағжан Шамшадин алғашқы кездесуінде Әзірбайжан спортшысы Назир Талибовты ұтты. Келесі белдесуінде Мағжан Бахром Ботуровты (Өзбекстан) иппон ұпайымен жеңген ол, жартылай финалдық белдесуде Мерзод Суфиевтен (Тәжікстан) басым түсті. Ақтық сында спортшымыз Франция өкілі Седрик Револмен кездеседі. 

Жарысқа екінші айналымнан қосылған Ғұсман Қырғызбаев (-66кг) әлем чемпионы Яго Абуладзені жеңіп, кезіндегі есесін қайтарды. Келесі қарсыласы Нармандах Баянмунхты (БАӘ) сенімді түрде ұтып, ширек финалға жолдама алған ол, әзірбайжандық дзюдошы Камран Сулеймановты да артта қалдырды. ½ финалда Ғұсман өзбек балуаны Мұхриддин Тилоловты жеңді.

Әйелдер арасында (-48 кг) салмақ дәрежесінде бақ сынап жатқан Ғалия Тынбаева қола медаль үшін күреседі. Алғашқы кездесуінде Бельгия спортшысы Луиз Петитті жеңген Ғалия, ширек финалдың жолдамасы үшін өзбек қызы Халимджон Курбоноваға есе жіберген болатын. Осылайша, жұбаныш белдесуінде португалиялық Коста Катаринаны жеңіп, қазақстандық спортшы үшінші орынға күресу мүмкіндігін алды.

Барлық жаңалықтар