00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Пара волейбол чемпионатына 200-ден астам спортшы қатысады

03.07.2023 | 16:30
89
Фото: Спорт басқармасы

Пара волейболдан алғаш рет Астана қаласында лицензиялық Азия біріншілігін қабылдады, деп хабарлады Elorda.info.

3-8 шілде аралығында өтетін Азия чемпионатында 9 ел бақ сынап, Париж паралимпиадасының 2 жолдамасын сарапқа салады. Осы орайда жарыстың ашылу салтанатына ҚР мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Азия волейбол федерациясының президенті Лу Кай Лан, Қазақстан волейбол федерациясының президенті, ҚР парламенті мәжіліс палатасының депутаты Дүйсенбай Тұрғанов, «Нұра» ауданы әкімінің орынбасары Алия Абсеметова қатысты.

куштии кыз.jpg

«Құрметті спорт сүйер қауым, спортшылар! Еліміздің еңселі елордамыздың төріне қош келдіңіздер! Бүгінгі волейболды отырып ойнаудан алғаш рет Азия чемпионатын өткізу біз үшін үлкен жауапкершілікті, құрметті білдіреді. Астананың 25 жылдығына орай елімізде біршама халықаралық спорттық шаралар өтуде. Кеше 60 елден 1200-ден астам спортшы қатысқан Ironman бәсекесі, бокстан «Elorda Cup» турнирі, дәстүрге айналған «Қазақстан барысы» додасы өтті. Бүігн міне 9 елден 200-ден астам волейболшы Астанаға келіп отыр. Барлықтарыңызға жарыста лайықты қарсылас, лайықты жеңіс тілеймін» - деді, ҚР мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

Одан кейін ҚР мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы құттықтау тілегін көпшілікке оқып берді:

«Құрметті Пара волейболдан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионатына қатысушыларға! Құрметті спортшылар, қадірлі қонақтар, жанкүйерлер! 

Сіздерді Пара волейболдан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионатының ашылуымен құттықтаймын! Бұл спорт сүйер қауым үшін айтулы оқиға. Байрақты бәсекеде Азияның 9 елінен келген 200-ден астам спортшы бақ сынайды. Құрама командалардың күш-жігері, әдіс-тәсілі, шапшаңдығы және шеберлігі сынға түседі. Қазақстанда пара спорт саласын, соның ішінде пара волейболды дамыту үшін барлық жағдай жасалуда. Әсіресе ерекше қажеттілігі бар жандардың спортпен айналысуына баса мән беріледі. Бүгінгі дүбірлі дода – соның дәлелі. Халықаралық сайыста арнайы келген спортшыларға және оны ұйымдастыруға атсалысқан азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Азия біріншілігінің Қазақстанда өткізілуі елімізде пара спортты дамытуға тың серпін береді деп, сенемін. Баршаңызға денсаулық, толағай табыс тілеймін. Жеңісті күндер көп болсын!»

Пара волейболдан әлемдік рейтингте көшбасшы Иран, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Ирак, Таиланд, Моңғолия, Үндістан, Қазақстан құрамалары алдағы  күнде бақ сынайды.

Қазақстан ерлер пара волейбол құрамасы өз тарихында 1 рет қана 1996 жылы Атланта Паралимпиадасына қатысып, 12елдің арасында 8-орынға тұрақтаған.

Қазақстан – Иран 0:3

Қазақстан – Финляндия 0:3

Қазақстан – Венгрия 1:3

Қазақстан – Ресей 3:1

Қазақстан – Аргентина 3:0

¼ финал.

Қазақстан – Норвегия 0:3

5-8 орындар үшін өткен ойындар.

Қазақстан – Германия 1:3

Қазақстан – Украина 2:3

Енді әлемдік рейтингте 7-орын, Азия құрлығында ТОП-3 кіретін Қазақстан құрамасы 28 жылдан соң, қайта Париж Паралимпиадасына қатысу үшін, басты қарсыластары Иран (әлем чемпионы ретінде жолдама алды), Ирак, Қытай, Таиланд құрамасымен жолдамаға таласады.

Барлық жаңалықтар