00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Кезекті Азия ойындары: Бес жыл бұрынғы сәтсіздік қайталанбай ма?

14.09.2023 | 13:00
62
Фото: ашық дереккөз

Жылдың басты додасы саналатын Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының басталуына санаулы күндер ғана қалды. Осы орайда Elorda info тілшісі Қазақстаннның бұған дейінгі Азия ойындарындағы нәтижесі мен осы жолғы мүмкіндіктерін зерделеп шықты. 

Жазғы Азия ойындарына Қазақстан құрамасы ең көп спортшысын жіберетін ел ретінде тіркеліп отыр. Мысалы, 2010 жылы Гуанчжоудағы жазғы Азия ойындарына 476 спортшы қатысса, биыл рекордтық 525 отандасымыз жүлдеге таласады.  

Естеріңізде болса, 2018 жылы Джакартадағы Азия ойындарына Қазақстан 419 спортшысын жіберіп, өзге елдер арасында ең аз 15 ғана алтынмен антирекордты жаңартқан едік. 

Дегенмен, 5 жыл бұрынғы жарысты қазіргі салыстыруға келмейді. Біріншіден, Азия ойындарында алғаш рет 9 спорт түрінен Олимпиада лицензиясы сарапқа салынады. Екіншіден, жерлестеріміз бірнеше жаңа спорт түрлерінен жүлдеге таласады. Оның ішіне шахмат (жеке, команда, жылдам шахмат сайысы), киберспорт (6 ойын түрінен жүлдеге таласады), бокс (2018 жылғымен салыстырғанда қыздар салмағы артты, ерлерде ауыр салмақтар қосылды), спорттық гимнастика, брейкинг кіреді. 

Ханчжоуға қай өңірден қанша спортшы бара жатыр? 

Алматы қаласы — 108

Алматы қаласынан ТОП-3 спортқа киберспорт (10 адам), әйелдер регбиі (10 спортшы), су добы (9 спортшы) кіреді. 

Астана қаласы — 70

Елордамыздың ТОП-3 спортына баскетбол 5×5 (12 спортшы), киберспорт (7 адам), әртістік жүзу (5 спортшы) кіреді. 

Шымкент қ. — 64

Шымкенттен ТОП-3 спортқа нысана көздеу (11 спортшы), стенд ату (7 спортшы), байдарка және каноэда есу (7 спортшы) кіреді. 

Жетісу облысы — 36

Жетісу облысынан әйелдердің көгалдағы хоккейінен 14 спортшы, садақ атудан 7 адам барады.

Қарағанды облысы — 35

Қарағанды облысынан ең көп әртістік жүзу (5 спортшы), киберспорт (3 адам),  ауыр атлетика (3 спортшы), үстел теннисі (3 спортшы) кіреді. 

Жамбыл облысы — 33

Жамбыл облысынан ең көп спортшы су добынан (13 әйел, 2 ер) барады. 

ШҚО — 27

Шығыс Қазақстан облысы атынан ТОП-3 спортқа жеңіл атлетика (8 спортшы), әйелдер волейболы (8 спортшы), ескек есу (6 спортшы) кіреді. 

Түркістан облысы — 26

Түркістан облысының ТОП-3 спортына гандбол (7 ер, 1 әйел), академиялық есу (4 спортшы), байдарка және каноэда есу (3 спортшы) кіреді. 

Қызылорда облысы — 23

Қызылорданың спортына әйелдер гандболы (6 спортшы), ерлер дзюдосы (3 спортшы) кіреді. 

Павлодар облысы — 16

Павлодар өңірінен баскетбол (3 спортшы), волейбол, маутинбайк, велошоссе, жеңіл атлетикадан 2 спортшыдан барады. 

Ақмола облысы — 15

Ақмола облысы атынан баратын ТОП-3 спорттың қатарына триатлон (3 спортшы), баскетбол (5×5), садақ ату (2 спортшы) кіреді. 

Алматы облысы — 12

Алматы облысына киберспорт (2 адам), ушу (2 спортшы) кіреді. 

Ақтөбе облысы — 12

Гандболдан ерлер құрамасының 7 спортшысы Ақтөбе облысына тиесілі. 

Маңғыстау облысы — 12

Маңғыстау облысының ТОП-3 спортына джиу-джитсу (3 спортшы), ерлер велотрегі (2 спортшы), баскетбол (2 спортшы) кіреді. 

Атырау облысы — 11

Атырау облысы волейболдан 3 спортшы, әйелдер дзюдосы, таэквондо, баскетбол 5×5, 3×3, киберспорттан 2 адамнан қатысады. 

Қостанай облысы — 11

Қостанай облысының 6 спортшысы джиу-джитсудан өнер көрсетеді. 

БҚО — 9

Батыс Қазақстан облысынан ең көп байдарка және каноэда есу (2 спортшы), садақ ату (2 спортшы) барады. 

СҚО — 6

Солтүстік Қазақстан облысының спортшылары Александр Винокуровтың дәстүрін жалғастырып келеді. Аталған облыстан велошосседен 3 спортшы қатысады. 

Ал Абай және Ұлытау облыстарынан бірде-бір спортшы қатыспайды.

Айта кетейік, Ханчжоудағы Азия ойындары 23 қыркүйек — 8 қазан күндері аралығында өтеді.

Қанат Байұзақов

Барлық жаңалықтар