00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

IBA ұйымы бокстан Олимпиаданы өткізу құқығынан айырылды

23.06.2023 | 14:44
45
Фото: Elorda.info

22 маусым күні Швейцарияда өткен отырыста Халықаралық Олимпиада Комитеті IBA ұйымын Олимпиадаға іріктеу жүргізу құқығын айыру жайлы дауысқа салды, деп хабарлады Elorda.info.

Нәтижесі:

69 — қолдады

1 — қарсы шықты

10 — дауыс беруден тыс қалды

ХОК-тың атқарушы директоры Кристоф де Кеппер:

«ХОК қолдан келгенше IBA ұйымына көмектесуге тырысты. Бірақ олар біршама жыл лайықты деңгейде өздерін көрсете алмады. Дегенмен, Токио Олимпиадасында 25 елдің боксшылары жүлдеге ілікті. Сондықтан 2028 жылы боксты Олимпиадаға қайтаруға кепілдік беремін» — деп, мәлімдеді.

Бұған дейін ХОК 2019 жылы да IBA ұйымын Токио Олимпиадасына қатыстырмауға шешім қабылдаған болатын.

Барлық жаңалықтар