00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Ауыр атлет Владимир Седов өмірімен қоштасты

27.06.2023 | 13:00
44
Фото: Elorda.info

35 жастағы отандық ауыр атлет Владимир Седов өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлады  Elorda.info.

Атақты спортшы мансабында 3 мәрте әлем чемпионатында жүлде алған. 

2009 жыл (Оңтүстік Корея) — алтын

2013 жыл (Польша) — қола

2014 жыл (Алматы) — күміс

2008 жылы Бейжің Олимпиадасында қос жаттығу қорытындысы бойынша 380 келіні көтеріп, 4-орынға табан тіреді. 

2013 жылы Лондон Олимпиадасының чемпионы (атағы алынды) Светлана Подобедовамен отбасын құрып, 2015 жылы ажырасты. 

2015 жылы Хьюстонда өткен әлем чемпионатына бара алмаған соң, мансабын аяқтады. Алайда 94 келі салмақта Жасұлан Қыдырбаев пен Алмас Өтешов допингпен ұсталып, Владимир Седов қайта спорт жолына оралды. 

2016 жылы Қазақстан чемпионатында Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері (Илья Ильиннің салмағында) Александр Ивановтың (Ресей) футболкасын киіп шықты. Артынша «міне нағыз чемпион» деп, футболкасын лақтырып, жарысқа қатысудан бас тартты. 

2016 жылы шілде айында Владимир Седовтың Бейжің Олимпиадасындағы сынамасынан допинг анықталып, 2008-2016 жылдардағы барлық атақтары жоққа шығарылды.

Қанат Байұзақов

Барлық жаңалықтар