00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада парадзюдодан Азия чемпионаты басталды

28.04.2023 | 16:29
47
Фото: дереккөз

Бүгін Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында парадзюдодан Азия чемпионатының ресми ашылу салтанаты өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Салтанатты шараға Парадзюдо президенті Мариус Визер, Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен мен парадзюдошылар қатысты. 

Ашылу барысында Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері атағымен Ақмарал Науатбек, Ерғали Шамей, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы спорт атағымен Дәурен Оразов, Руслан Беркінбай марапатталды.

Өз жерімізде өтіп жатқан Азия чемпионатына әлемнің 11 мемлекетінен 100-ден астам балуан келіп отыр. Бұл өте қуантатын дүние. Біз өз тарапымыздан әр спорт түріне, әсіресе Параалимпиада спортына қолдауымызды білдіреміз. Соның бір дәлелі елорда төрінде ұйымдастырылып жатқан үлкен дода, деді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов салтанатты іс-шараның ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде.

Ал Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен: 

Парадзюдодан 2-ші мәрте Азия чемпионатының елордада өткені біз үшін үлкен мақтаныш. Осындай айтулы додалар қаламыздың тұрғындарына салауатты өмір салтын насихаттап, үлкен тәрбие береді деген сенімдеміз, деп сөзін түйіндеді. 

Парадзюдодан Азия чемпионаты 30 сәуірге дейін жалғасады. 

90ff24a8-29b7-4411-8fc0-351423540571.jpg

Жүлдеге таласу үшін Қазақстан, Тайвань, Үндістан, Иран, Жапония, Қырғызстан, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Таиланд, Индонезия, Өзбекстанның спортшылары сынға түседі.

Айта кетейік, 2021 жылы Токио Паралимпиадасында дәл осы спорт түрінен жерлестеріміз ең көп жүлдені (3 күміс) иеленген еді.

Қанат БАЙҰЗАҚ

Барлық жаңалықтар