00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Grand Slam әлемдік додасы еліміздің қай қалаларында өтеді

31.03.2023 | 23:07
Аяулым Алтынбек
31

2023-2026 жылдары дзюдодан айтулы аламан дода «Qazaqstan barysy Grand Slam» атауымен Қазақстанда өтетіні белгілі. Elorda.info тілшісі әлемдік беделді турнирдің қай қалаларда өтетінін анықтаған болатын. 

Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Жіткеевтің айтуынша, жарыс Астана мен Алматы қалаларында өтеді. Оның себептерін федерацияның бас хатшысы былай деп түсіндірді:

Екі мегаполисте де үлкен спорт кешендері, жарыс қатысушылары мен қонақтарын қабылдайтын қонақүйлер бар. Астана мен Алматыда 4 жыл бойы өтетін осындай әлемдік деңгейдегі жарысты өткізетін барлық жағдай жасалған. Бұйырса, дүбірлі доданы алдымен елордада бастаймыз. Бір жыл Астанада, бір жыл Алматыда кезектесіп өткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Нақты қалай болатынын уақыт көрсетеді.

Барлық жаңалықтар