00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстандық боксшы UBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды

31.03.2023 | 20:59
Елорда ақпарат
34

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (3-0, 1 КО) Алматыда кәсіпқой рингтегі үшінші айқасын өткізді, деп хабарлады Elorda.info

А.Лукас UBO нұсқасы бойынша екінші аса жеңіл салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін Танзания өкілі Лулу Каягемен (8-8-4, 2 КО) кездесті.

Жекпе-жек екі минуттан 10 раундқа есептелді және қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды. Екінші раундтан кейін А.Лукастың қарсыласы айқасты жалғастырудан бас тартты.

Осылайша, Ангелина Лукас кәсіпқой бокста үшінші рет жеңіске жетті және UBO-ның әлем чемпионы атанды.

Ал Лулу Каяге профи-рингте тоғызыншы рет жеңілді.

Еске салайық, Ангелина осыған дейінгі жекпе-жегінде UBO International титулын жеңіп алған болатын.

Барлық жаңалықтар