00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Дзюдодан әлем чемпионатына Қазақстан атынан кімдер қатысады

31.03.2023 | 17:41
Айман Нығмет
22

6-13 қазанда Өзбекстан астанасы Ташкентте дзюдодан өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды, деп хабарлады Elorda.info Қазақстан дзюдо федерациясына сілтеме жасап.

Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта ел намысын екі дүркін Олимпиада жүлдегері Елдос Сметов пен Мағжан Шамшадин қорғайды.

Сондай-ақ Ғұсман Қырғызбаев (66 кг), Данияр Шамшаев (73 кг), Абылайхан Жұбаназар (81 кг), Дидар Хамза (90 кг), Ислам Бозбаев пен Шархан Нұрлыхан (100 кг), Ерасыл Қажыбаев (+100 кг) дүниежүзілік додада бақ сынайды.

Әйелдер құрамасында Әбиба Абужақынова (48 кг), Гауһар Ирмағамбетова (52 кг), Севара Нишанбаева (57 кг), Мөлдір Нарынова мен Есмигүл Куюлова (63 кг), Анастасия Маякова (70 кг), Аруна Жангелдина (78 кг) және Кәмила Берліқаш (+78 кг) татамиге шығады.

Барлық жаңалықтар