00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстандық жасөспірімдердің әлемдік рейтингтегі жеке рекордтары жаңарды

25.02.2023 | 13:47
Елорда ақпарат
20

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, қазақстандық жас теннисшілер өткен аптамен салыстырғанда, едәуір жоғары сатыға көтерілді.

Максим Батютенко бірден 16 сатыға жоғарылап, 59-орынға жайғасты. Душанбеде абсолютті жеңімпаз атанған Виталий Зацепин 588-ден 498-ге көтерілді.

Қыздар арасында Аружан Сағындықова алғаш рет үздік 60 теннисшінің қатарына кірді, қазір ол 51-сатыда. Сондай-ақ, көрсеткіштерін жақсартқан Сандуғаш Кенжебаева 65-ші (+24), Жанель Рүстемова 128-ші (+9), Еркежан Арыстанбекова 179-орында (+26) тұр.

Барлық жаңалықтар