00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстан жеңіл атлетика тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатында алтын медаль алды (ВИДЕО)

25.02.2023 | 11:43
Елорда ақпарат
46

Жарыстың негізгі фавориттерінің бірі Қазақстан өкілі Нора Джеруто болды. Ол белгіленген қашықтықты 8:53.02 уақыт аралығында жүгіріп өтіп, жеңімпаз атанды. Бұл алтын медаль Қазақстанның жеңіл атлетика тарихындағы бірінші «алтын» болды.

Екінші орынды эфиопиялық спортшы Веркуха Гетачью (8:54.61), ал үшінші орынды оның отандасы Мекидес Абебе (8:56.08) жеңіп алды.

Бұған дейін біліктілік жарысында да Джеруто 9:01.54 уақытымен үздік нәтиже көрсеткен болатын.

Еске сала кетейік, Кенияның тумасы Нора Джеруто Қазақстанға 2017 жылы қоныс аударып, 2022 жылы әлем чемпионатында ел намысын қорғауға ресми рұқсат алған еді.

Барлық жаңалықтар