00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Бейжің-2022: Шорт-трекші Әділ Ғалиахметов финалға шықты

24.02.2023 | 23:53
Елорда ақпарат
48

ҚазАқпарат-тың жазуынша, жартылай финалда Ғалиахметов соңғы, үшінші топта жүгірді. Ол аталған қашықтықты 2:18.31 уақытта бағындырып, Олимпиада ойындарының ақтық сынына жолдама алды.

Қазақстандық шорт-трекші 1/2 кезеңді сәтті бастады. Мәреге жақындаған тұста оны қарсыластары басып озып, кейін Әділ қайтадан шабуылға шықты.

Осы тұста қытайлық Жэнь Цзэ Вэй алға озбақ болған спортшымызды жарыс жолағынан шығарып жіберді. Ұзақ уақыт бойы ақылдасқан төрешілер қытайлық спортшыға пенальти беріп, жарыстан шеттетті. Ал Әділ Ғалиахметов А финалына жолдама алды. Ол аралық 6-орынға ие болды.

Бірақ бейнеқайталауды көргеннен кейін Қытайдан келген спортшы жарыстан шеттетіліп, Ғалиахметов финалға жолдама алды.

Еске салайық,1/4 финалда Әділ Ғалиахметов тағы бір жерлесіміз Денис Никишамен бірге дистанцияға шыққан болатын. Алайда Никиша голландиялық Ицхак де Лаатпен соқтығысып, жарыстан шеттеп қалды. Ал Ә.Ғалиахметов екінші орыннан жартылай финалға жолдама алды.


 

Барлық жаңалықтар