00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Еліміздің бас газетінде «Сұхбат сыры» кітабының таныстырылымы өтті

24.02.2023 | 18:20
Елорда ақпарат
45

Осыған орай «Egemen Qazaqstan» газетінің редакциясында жазушы-публицисттің «Сұхбат сыры» кітабының таныстырылымы өтті. Шараға мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әділ Ахметов, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары Әлібек Асқаров пен Несіпбек Айтұлы, сондай-ақ белгілі журналист Жанболат Аупбаев пен Мәжіліс депутаты Мейрамбек Төлепберген бастаған өзге де зиялы қауым өкілдері мен тілшілер қатысты.

«Қазақтың қайраткеріне, Алаштың ардақтысына, журналистиканың жампозына айналған Сауытбек Абдрахмановтың жетпістің жотасына шыққан мерейтойы ұзақ жылдар бойы өзі басқарған «Егемен Қазақстан» газеті үшін де ерекше сәт. Сондықтан газетте де бірнеше мақала жарияладық. Бұдан бөлек «Егемен Қазақстан» сериясы бойынша «Сұхбат сыры» атты сұхбаттар жинағы жарық көрді», - деді республикалық газеттің басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі.

Іс шара барысында профессор Мырзатай Жолдасбеков пен академик Әділ Ахметов кітаптың тұсаукесер рәсімін жасады. Ал жиынға қатысқан қаламгерлер Сауытбек Абдрахмановтың еңбек жолы мен шығармашылығы жайында мазмұнды әңгіме өрбітті. Сонымен қатар жаңа жинаққа енген сұхбаттар жайлы ойларын ортаға салды.

Барлық жаңалықтар