00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Софы Сматаев көпшіліктен өзінің кітаптарын сатып алуды өтінді

24.02.2023 | 16:48
Елорда ақпарат
50

«Сәлем достар! Менің екі қабат үйімнің бір қабатында сіресіп қалаулы тұрған 20 250 (810 комплект) кітабымды марқұм Шахминам: «Оқырмандарыңа арзандатып жөнелтсеңші. Аяқ алып жүре алмаймыз» деп кейитін. Кітаптарыма сұраныс беруін өтініп, барлық облыс әкімдеріне хат жазып жібергем. Хатым әкімдердің қолына тимей, мәдениет басқармасындағылардың: «1 не 2 комплектісін алып қалармыз. Жауабымызға келіспеген жағдайда бізді сотқа беруге қүқыңыз бар» дейтін «отпискамен» өзіме оралды. Ендігі бар мүмкіндік сіздерге ғана тіреліп тұр, достар», - деп отыр шарасы таусылған қаламгер.

Бұл ретте бір айдан астам уақыт ішінде кітаптың 4 топтамасын алматылықтар, 5 топтамасын басқа қаладағылар алған екен.

«Яғни 801 топтамам мұрты да бұзылмай үйіліп, үйелеп жатыр. Сіздер 15 мыңды ауырсынсаңыздар, 12 мыңнан берейін. Басқа қаладағылар 12 мың + 1 (поштаға) = 13 мың төлейді. Менің қазіргі қарызым 5 миллион теңгенің үстінде. Неге қарызданғанымды сезетін шығарсыздар. Соны өтеудің бірден-бір жолы – кітаптарымның тезірек өтуі» - дейді жазушының өзі.

Айтуынша, ол сол кітаптарының сатылатынын көпшілікке құлаққағыс ете беруден де шаршапты. Дегенмен бұл күйінің шарасыздықтан шырылдау екенін еске салып отыр.

Барлық жаңалықтар