00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Журналист Төлен Тілеубай елордалық оқушылармен кездесті

11.05.2023 | 17:00
56
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бүгін елордадағы мектептердің бірінде  журналист, «Астана ақшамы» республикалық қоғамдық-саяси газетінің шеф-редакторы Төлен Тілеубайдың кітабының таныстырылымы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

1.jpg

Кітап атауы – «Цифрлық жолайрық: Қазақстан газеттерінің бүгіні мен ертеңі». Кездесу барысында оқушылар кітаптың жарыққа шығудағы мақсатымен танысты және көкейлеріндегі сауалдарға жауап алды. Сондай-ақ отырыста қазіргі уақытта кітап оқудың маңызы жайында әңгіме айтылды.

7.jpg

Бүгінгі кездесу қаладағы Т.Айбергенов атындағы №16 орта мектепте ұйымдастырылды. Оған 9, 11-сынып оқушылары жиналды. Кездесу барысында оқушылар кітап оқудың пайдасы жайында өз пікірлерін айтты. 

2.jpg

Біздің бүгінгі отырысымыз «Бейсенбілік әңгіме» деп аталады. Бұл – үлкен жоба.  Әр бейсенбіде елімізге қызмет жасаған, балалардың болашағына әсер ете алатын, өзі жетістікке жеткен, тәлім-тәрбиесі көп азаматты шақырамыз. Басты мақсаты – балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Қонағымыз кітап оқитын бала қандай жетістікке жететіні жайында айтты. Бүгінгі спикерімізбен әдемі сыр-сұхбат болды, - деді Т.Айбергенов атындағы №16 орта мектептің директоры Сәуле Әзімханова. 

3.jpg

Кездесу барысында кітап оқуды қалай бастағанымды, кітапты қалай сүю керектігін, олардың менің өмірімді қалай жеңілдетіп, жетістіктерге жетуге көмектескенін әңгімелеп бердім. Бала кезімде ауылдағы үйдің шатырына кіріп алып, әдеби кітаптарды құмарлана оқитын едім. Бүгінгі жас оқырманды қандай кітаптар қызықтыратыны, қағаз кітап пен электронды кітаптың қайсысын қалайтыны, оқығаныңды өмірге қалай қолдануға болатыны турасында ой бөлістік, - деді Төлен Тілеубай. 

5.jpg

Барлық жаңалықтар