00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Жеңіс даңғылындағы учаске уақытша жабылды

16.06.2023 | 14:30
35
Фото: дереккөз

Астанада Жеңіс даңғылында жол төсемін орташа жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әкімдік Жеңіс даңғылындағы Бөгенбай батыр даңғылынан Абай даңғылына дейінгі учаскеде жол төсемін орташа жөндеу жұмысын жүргізуді бастады.

Осыған байланысты 16-18 маусым күндері аралығында жоғарыда аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет, - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар