00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Жеңіс Қасымбек әлеуметтік нысандар құрылысы туралы айтты

24.06.2023 | 17:05
45
Фото: instagram.com/jenis_qasymbek

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram желісінде елордада көптеген әлеуметтік объектілер салынатынын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

-Тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің нысандарымен бірге әлеуметтік объектілер де саламыз. Бүгін бірқатар мектептер мен Оқушылар сарайының құрылыс барысымен таныстым. Мәселен қазіргі уақытта 14 мектептің құрылысы жүріп жатыр, оның 11-ін жаңа оқу жылы ішінде ашамыз. 

Бұл жаңа мектептер құрылысы жүріп жатқан жаңа аудандарда да, оң жағалауда да, елді мекендерде де орналасқан. Сонымен қатар олардың бір бөлігі апатты күйдегі мектептерді алмастырады. 

Сол сияқты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Астанада алдағы екі жылда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 24 мектеп салынады. Олар 90 мыңға жуық оқушы орнын (2 ауысымды) ашуға мүмкіндік береді. 

Осы жазда Оқушылар сарайын ашамыз. Тұран даңғылында орналасқан 5 қабатты ғимарат жеке инвестициялар есебінен салынып жатыр. Ауданы 7500 шаршы метрді құрайды, спорт және шығармашылық залдардан бөлек 25 метрлік бассейні де болады. Сонымен қатар балаларды көбірек қамту үшін үш жыл ішінде 15 Оқушылар сарайын салуды жоспарлап отырмыз. Олардың бесеуінің құрылысын осы күзде бастаймыз, - деді Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек.

Барлық жаңалықтар