00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қыс басталғалы елордадан 270 мыңға жуық рейс қар шығарылған

05.02.2024 | 03:11
61
Фото: дереккөз

Қыс басталғаннан бері қаладан полигондарға 3 659 196 текше метр қар, 269 753 жүк рейсі шығарылды.

Естеріңізге салсақ, елордада бірнеше қар полигондары орналасқан. Полигондар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған.

Мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған. Қар шығару жұмыстары тәулік бойы, күндізгі және түнгі ауысымда жүргізіледі.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, 5 ақпанда Астанада қар жауады, күн бұлтты болады.
Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -7-9 аяз, күндіз -1-3 градус болады.

Барлық жаңалықтар