00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Проблемалы үйлердің құрылысы бақылауда болады

10.07.2023 | 20:19
53
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек үлестік құрылысқа қатысушылармен және құрылыс салушылармен кездесті, деп хабарлады  Elorda.info.

Бұл жөнінде қала әкімі өзінің Instagram желісіне жүктеді. 

-Мәселен, олардың қатарында «Сапсан», «Қазанат 2», «София», «Diana», «R-club», «R-club Deluxe», «Arai apartments», «Әскер 1 және 2», «Актау сити», «Оазис» тұрғын үй кешендері бар. Бұл үйлердің шешілмей тұрған бірқатар қиындықтары бар: жұмыс кестесінен кешігу, рұқсат құжаттарының толық тізімінің болмауы, қаржыландырудың жетіспеушілігі және т.б.- деп атап көрсетті Жеңіс Қасымбек. 

фо.jpg

Оның айтуынша, құрылыс салушыларға құрылыс жұмысын жандандыру, құжаттаманы ретке келтіру міндеттері жүктелді. Егер заңды талаптар орындалмаса, іс сотқа жіберіледі. Құрылыс компаниялары заңнамада көзделген қатаң талаптарға сай белгілі бір жағдайларда ғана үлескерлердің қаражатын қабылдай алады: - Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кепілдігін алу, - екінші деңгейлі банктің жобасына қатысу, - тұрғын үйдің қаңқасын тұрғызғаннан кейін ғана үлескерлердің ақшасын қабылдау. Сол сияқты қала тұрғындарын ақпараттандыру және заңның бұзылуына жол бермеу мақсатында әкімдіктің ресми ресурстарында және БАҚ-та үлескерлердің қаражатын қабылдайтын заңды құқығы жоқ құрылыс салушылардың «қара тізімі» жүйелі түрде жарияланады.

Аталған кездесуге Мәжіліс пен қалалық Мәслихат депутаттары, прокуратураның, Экономикалық тергеу департаментінің, полиция департаментінің, жауапты мемлекеттік органдардың және т.б. өкілдері қатысты. Онда Астана қаласы әкімі  проблемалы үйлердің құрылысын бірлесе бақылауда ұстайтындарын айтты. 

Барлық жаңалықтар