00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Петров көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылды

18.05.2023 | 14:00
56

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Петров көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмысын бастады. Осыған байланысты жол учаскесі уақытша жабылды, деп хабарлады Elorda.info.

Жұмыс жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың ПҚҚ әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүзеге асырылады.

Жол төсемін жөндеу Петров көшесі бойында Жирентаев көшесінен Жұмабаев даңғылына дейінгі учаскеде жүргізіледі. Осыған байланысты осы жылдың 18-22 мамыр күндері аралығында аталмыш учаскеде көлік қозғалысы толығымен шектеледі, - делінген хабарламада.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Барлық жаңалықтар