00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Панфилов көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылады

28.04.2023 | 09:30
39

Панфилов көшесіндегі учаскеде 29 сәуірден бастап жол төсемін жөндеу басталады. Тиісінше мұнда қозғалыс шектеледі, деп хабарлады Elorda.info Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап.

29-30 сәуір аралығында Тәуелсіздік даңғылынан Қалдаяқов көшесіне дейінгі Панфилов көшесінің учаскесінде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бұл шара Астана ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісілді, - делінген басқарманың хабарламасында.

Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдардағы кептеліс жағдайларын болдырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Барлық жаңалықтар