00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қошқарбаев даңғылындағы учаске уақытша жабылды

04.05.2023 | 14:00
39

Астанада Р. Қошқарбаев даңғылында орташа жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлады Elorda.info

Осыған байланысты 4-15 мамыр аралығында М.Жұмабаев даңғылынан С.Нұрмағамбетов көшесіне дейінгі (екі жаққа да жергілікті жол жүру) учаскедегі автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылды. Жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бұл шара Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісілді.

Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдардағы кептеліс жағдайларын болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұрайды.

Барлық жаңалықтар