00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қордай көшесінде жол жөндеу жұмыстары басталды

02.05.2023 | 09:37
37

Қордай көшесінде Б.Момышұлы даңғылынан Балқантау көшесіне дейінгі аралық жөндеу жұмыстарына байланысты жабылды, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қордай көшесіндегі Б. Момышұлы даңғылынан Балқантау көшесіне дейін учаскелерде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарының басталғаны туралы мәлім етті.

Осыған байланысты 2 мамырдан 8 мамырға дейін жоғарыда аталған учаскелерде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылды.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол құрылыс жұмыстарына түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар