00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Оқу-ағарту министрі азаматтарды жеке қабылдады

30.11.2023 | 11:30
69
Фото: дереккөз

Азаматтарды қабылдау орталығында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлады Elorda.info

Өңірлердің тұрғындары өз сұрақтарын офлайн және онлайн форматта қоюға мүмкіндік алды. Атап айтқанда, сұрақтар мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, инклюзивті білім беру мәселеріне қатысты болды. 

Ғани Бейсембаев барлық сауалдарға толыққанды жауап берді. Зерделеу мен пысықтауды қажет ететін мәселелерді өзінің жеке бақылауына алды. Комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына көтерілген мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар берілді. 

Айта кетейік, биылғы 10 ай ішінде Астананың өзінде 100-ден астам азаматқа жеке қабылдау жүргізілді. Жеке қабылдау Астана қаласында Мәңгілік ел даңғылы, 8 ғимараты, Министрліктер үйінің 16-кіреберіс мекенжайында орналасқан Мамандандырылған азаматтарды қабылдау орталығында өтеді. 

Бұдан басқа, азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру мақсатында AMANAT партиясының қоғамдық қабылдауларында, сондай-ақ еліміздің өңірлерінде тұрғындармен кездесулер тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Барлық жаңалықтар