00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қатар әмірі елордада өтетін Халықаралық форумға қатысады

05.06.2023 | 10:00
30
фото: Wire

Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тамим бин Хамад Әл Тани Астана халықаралық форумының жұмысына қатысады, деп хабарлады Elorda.info ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап.

Соңғы жылдары екі мемлекет арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді. Екі елдің басшылары арасындағы жиі кездесулер - осының дәлелі. Екі ел арасындағы қалыптасқан тығыз байланыс сауда-экономикалық қатынастарымыздың дамуына жағымды әсер етуде.

Мәселен, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында ғана екіжақты тауар айналымының көлемі 17,7 есе, ал 2022 жылдың қорытындысы бойынша республикаға қатарлық инвестиция көлемі үш есе өсті. Сондай-ақ, Қазақстан Премьер-Министрі А.Смайылов 22-24 мамырда Қатар экономикалық форумының жұмысына қатысты.

Іс-шара алаңында ол Қатар әмірімен және Премьер-министрі – сыртқы істер министрімен кездесу өткізді, онда тараптар екіжақты ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша тиімді өзара іс-қимылды нығайтуға және оны стратегиялық әріптестік деңгейіне жеткізуге тағы да дайын екендіктерін білдірді.

Барлық жаңалықтар