00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада техникалық ақауы бар автобустар жолаушы тасымалдаған

12.01.2024 | 03:30
60
Фото: дереккөзден

Аталған іс-шараның бірінші күні Полиция департаменті қоғамдық көліктерді күнделікті автопарктардан шығару тәртібін, олардың техникалық жай-күйінің қауіпсіз пайдалану талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ жүргізушілердің рейс алдындағы медициналық тексеруден өту рәсімін тексерді.

Тексеріс нәтижесінде техникалық ақауы бар автобустарды желіге шығарудың 10 фактісі анықталды, олар бойынша автопарктердің 4 лауазымды тұлғасы ҚР ӘҚБтК 617-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Сонымен қатар қалта ұрлығымен байланысты қылмыстардың алдын алу үшін автобус салондарында бейнекамералардың болуы және жұмыс істеуі тексеріледі. 

Барлық жаңалықтар