00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Менің полициям» байқауының жеңімпаздары марапатталды

24.11.2023 | 08:00
56
Фото: дереккөз

Астана қаласы Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев «Менің полициям» шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттады, деп хабарлады Elorda.info.  

Байқауға 9-15 жас аралығындағы балалар «Үздік эссе», «Үздік Тик-ток», «Үздік бейнеролик» номинациялары бойынша қатысты. Байқау өзіндік ерекшелік, шығармашылық, тақырыпқа тереңдік пен мағына беру, ой ерекшеліктері сияқты критерийлер бойынша бағаланды.  

Эссе байқауында бірінші орынды Нұрәлі Кенжеғожа иеленді, үздік бейнеролик үшін Айзере Қорғанбекова марапатталды. Екінші орында эссе үшін Малика Байшолақова, бейнеролик үшін Нұрхан Нұржанұлы иеленді. Үшінші орын алты балаға бөлінді. Олардың ішінде Амангелді Бақберген, Кәусар Әбдімәлік және т.б. бар.  

Конкурсқа қатысушылардың жұмыстары ведомстволық БАҚ және әлеуметтік желілерде жарияланады.

Байқау жеңімпаздары грамоталармен, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

Барлық жаңалықтар