00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Меценат Исламбек Салжанов кітапханаларға қазақ тіліндегі блокчейн туралы 8 мың кітапты сыйға тартты

06.12.2023 | 03:30
90
Фото: дереккөз

Астанада кəсіпкер, меценат, Altyn Qyran Foundation қоғамдық қорының негізін қалаушы Исламбек Салжановтың бастамасымен студенттермен кездесу өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Жиынға «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы, «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Əсел Жанасова, Ұлттық академиялық кітапхананың директоры Ғазиза Нұрғалиева жəне Блокчейн технологиялары мен деректер орталықтары қауымдастығының басқарма төрағасы Дəурен Қарашев қатысты.

Іс-шара барысында Исламбек Салжанов қазақ тілінің білім берудегі өзектілігіне тоқталып, кітаптарды қазақ тіліне аудару – еліміз үшін басты міндеттердің бірі екенін жеткізді. Сондай-ақ, еліміздегі барлық қалалық жəне аудандық кітапханаларға 8 мың дана кітап тапсырылатынын хабарлады.

2023-12-05 23.26.36.jpg

Бүгін біз, Altyn Qyran Foundation, Қазақстан блокчейн технологиялары жəне деректер орталықтары қауымдастығы, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасымен жəне «Қазпошта» АҚ-мен бірлесіп атқарған жақсы жұмысымызбен бөліскіміз келеді. Қазақ тіліндегі жаңа технологиялар туралы төрт əлемдік бестселлер еліміздің барлық қалалық жəне облыстық кітапханаларының сөрелеріне жіберіледі. Олар «Блокчейн технологиясы», «Ақшаның қысқаша тарихы», «Криптовалюта дəуірі» жəне «Шындық машиналары» - ең қолжетімді жəне блокчейн технологиялары, криптоиндустрия, WEB3 қандай екендігі жəне прогресс қайда жатқаны туралы қызықты 4 əлемдік кітап, - деді меценат.

Бұл кітаптардың барлығы онлайн форматта «Алтын Қыран» қорының ресми сайтында қолжетімді.

2023-12-05 23.26.19 (3).jpg

Қазір біз өте күрделі кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Бəрімізге блокчейн технологиясы, жасанды интеллект, заттардың интернеті, кеңейтілген виртуалды шындық жəне т.б. сияқты жаңа технологияларды меңгеру керек. Ал болашақта оларға өзіміз де бір нəрсе қосуға тиіспіз. Бұл технологиялар əлі даму сатысында. Ал біз, қазақстандықтар, ең алдымен, жастар осы үдерістердің басында болуымыз керек. Бұл кітаптарды еліміздің барлық 168 аудандық кітапханаларына жеткізу арқылы біз Қазақстанның ауыл жастарының жаһандық инновациялық білімге қол жеткізуіне мүмкіндік береміз. Бұл кітаптарға онлайн қолжетімділік əрбір қазақстандыққа инновациялық технологияларды меңгеруге жол ашады, - деді спикер жастарға.

Сондай-ақ іс-шарада Блокчейн технологиялары жəне дата орталықтары қауымдастығының басқарма төрағасы Дəурен Қарашев «Блокчейн, криптоиндустрия жəне Web3 дегеніміз не?» деген тақырыпта баяндама жасады.

2023-12-05 23.26.24.jpg

Блокчейн жаңа технологиялар мен инновацияларды дамытуға айтарлықтай əсер етеді. Бүгінде жас кəсіпкерлер орталықтандырылмаған жобаларды құру, қаржылық инклюзияны жақсарту жəне білім беру, үкімет, энергетика, логистика, денсаулық сақтау жəне экономикамыздың басқа секторлары сияқты əртүрлі салалардағы ашықтықты арттыру үшін блокчейнді пайдалануда, - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Altyn Qyran Foundation қоғамдық қоры қайырымдылық көмек көлемі бойынша Қазақстандағы ең ірі қорлардың ондығына кіреді жəне үш негізгі бағытта – білім беру, мəдениет жəне əлеуметтік инфрақұрылым бойынша жұмыс істейді.

Барлық жаңалықтар