00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Ұлттық музейде суретшілер көрмесі ашылады

13.04.2023 | 13:00
81
Фото: ашық дереккөз

14 сәуір күні сағат 16.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде елордалық ADYR-ASPAN суретшілер тобының көрмесі ашылады, деп хабарлады Elorda.info

Ұжымның бес авторы фотосурет, мүсін, инсталляция, кескіндеме, графика, аудио және бейне-арт жанрларында жасаған туындыларын көпшілік назарына ұсынады. Гүлмарал Тәтібаева, Бейбіт Әсемгүл, Наталья Лигай, Әлия Қаныбекова және Жеңіс Молдабековтердің жұмыстары елордалықтарға бұрыннан жақсы таныс. Суретшілер Қазақстанда және одан тыс жерлерде белсенді қызмет атқарып, көрмелерін қоюда. Олардың бірлескен жұмысы 2011 жылы басталды. 2015 жылдан бастап ұжым «Кадмий қызыл» атала бастады.

Бұл көрме біз үшін өзіндік жаңғыру болып табылады. Соңғы жылдардағы көптеген сілкіністерден кейін өзіміздің ішкі дүниемізді, халқымызды, өзіміздің мұрамыз бен жеке кодымызды зерттеу үрдісін бастау өте маңызды болды. Сондықтан да, біздің топтың да, көрменің де атауы ADYR-ASPAN қос мағыналы болып табылады. Бір жағынан бізде жер (тау) мен аспан, жер және асқақ дүниелер қосылып жатыр. Ал, адыраспан өсімдігінің тамыры тереңде жатқаны сонша, оны жұлып алу өте қиынға соғады. Қазақ халқы – қанша қиындық көрсе де, қандай сынақты басынан өткерсе де, өз тамырын сақтап, жаңғыртып отырды, ‒ деп атап өтті суретшілер.

Топтың жұмыс шығармаларында соғыс, әлеуметтік сілкініс, өзін-өзі табу, өз тамырын іздеу, өзінің тарихы мен ұлттық мәдениетін түсіну, тіл, өнер және гендерлік теңдік мәселелері бейнеленген.

Көрменің кураторы – белгілі арт-кеңесші, Qazart платформасының негізін қалаушы Владислав Слудский.

Топ мүшелері өз жұмыстарын жеке шығарғанымен, жұмысты бірге атқарды. Бұл шығармалар бір суретшінің тілін, біртұтас мәлімдеме, көшбасшысы жоқ, көлденеңінен талқыланған жалғыз тұжырымды еске түсіреді. Көрменің негізгі баяндауы тарихта көлденең әлеуметтік байланыстардың, идеялар мен тауар алмасуының орны болған, әртүрлі мәдениеттер арқылы адамдарды табуға мәжбүр болған, кейде бір-бірінің түсіну тілін ойлап тапқан, этикалық және эстетикалық координаттардың мобильді жүйесі болған дала феномені төңірегінде құрылған. Суретшілер бірігіп көпжылдық тәжірибесі мен ынтымақтастығын қорытындылап, топ атауын өзгертіп, ой-өрісі мен көрнекі сөздік қорын дамытудың жаңа кезеңін ашып жатыр, ‒ деп атап өтті В.Слудский.

Көрме ҚР Ұлттық музейінде 30 сәуірге дейін жалғасады. 

Барлық жаңалықтар