00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордалық құтқарушылар судағы қауіпсіздікті сақтауға шақырады

07.06.2023 | 12:00
62
фото: yassy-tur.kz

Елордалық құтқарушылар судағы қауіпсіздікті сақтауға шақырады, деп хабарлады Elorda.info қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, судағы өлім жағдайларының шамамен 80%-ы азаматтардың мас күйінде шомылуы, сондай-ақ жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде шомылуы салдарынан болады.

Елордада ағымдағы жылы ресми түрде шомылуға арналған 4 орын рұқсат етілген. Олармен «2gis» платформасында танысуға болады. Шомылу кезеңінде күнделікті патрульдеуге 50 сүңгуір-құтқарушы, 15 сүңгуірлік жарақтары бар жедел-құтқару техникасы, 6 жүзу құралдары (2 кеме, 4 қайық) тартылған, - деп жазды Төтенше жағдайлар департаменті.

Барлық жаңалықтар