00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордалық өрт сөндірушілер марапатталды

11.07.2023 | 10:00
41
Фото: ТЖД

Елордалық Төтенше жағдайлар департаментінде Абай облысындағы өртті жоюға қатысқан қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады Elorda.info

Астана қаласы ТЖД бастығы, генерал-майор Қуанар Базарбаев «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының орман алқабындағы табиғи өртті жою кезінде қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және көрсеткен ерлігі үшін «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен ӨСҚК жедел кезекшісі Г.Есенғазин, №3 МӨСБ бөлімше командирі З.Вагапов, ӨСҚК жүргізуші-қызметкері Ж.Жуасбаев және №5 МӨСБ өрт сөндіру автомобильдерін жүргізу жөніндегі аға нұсқаушы Ж.Секенов, 2-МӨСБ аға өрт сөндірушісі-құтқарушысы К.Өмірзақов марапатталды. 

5f27541c-e186-484b-ad71-6e503915af40.jpg

ҚР ТЖМ алғыс хатымен №17 ӨСБ жүргізуші-қызметкері Ә.Мұқашев, №2 МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Н.Жаңабаев, №8 ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы Б.Ахмадиев, №23 ӨСБ жүргізуші-қызметкері Е.Нұриденұлы, №3 МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы С.Қайыржанов марапатталды.

9eb763a7-4fa0-4515-b3ee-846988d5dac5.jpg

Марапатқа ие болған қызметкерлерге департамент басшысы сол күндерде көрсеткен ерлігі мен кәсібилігі үшін алғысын білдіріп, қызметтеріне табыс тіледі.

Барлық жаңалықтар