00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордалық өрт сөндірушілер арасында «Жігіт сұлтаны – 2023» байқауы өтті

03.05.2023 | 13:00
68

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесі қарсаңында елордалық өрт сөндірушілер арасында «Жігіт сұлтаны – 2023» байқауы өтті, деп хабарлады Elorda.info

Байқауға елордалық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелерінің 18 өрт сөндіру-құтқарушысы қатысты. 

Таныстыру, өнер, интеллектуалдық сұрақтарға жауап беру, бейне ролик және ұлттық бұйымдардың жасалу жолын көрсеткен байқауда үздіктерді 5 адамнан құралған қазылар алқасы бағалады. 

Қазылар қатарында жергілікті атқарушы органдар, Адами әлеуетті дамыту және мемлекеттік тілді дамыту мекемелерінің мамандары мен Өрт сөндіру қызметінің бастығы болды.

Ең үздік қатысушыны анықтау оңай болған жоқ. Дегенмен де байқаудың аты байқау болғасын, қазылар алқасының шешімімен өрт сөндірушілер «Батыл жігіт», «Шешен жігіт», «Сабырлы жігіт», «Өнерлі жігіт» секілді түрлі номинациялармен марапатталып, ал «Жігіт сұлтаны – 2023» 5-МӨСБ аға өрт сөндірушісі Елдар Канафиянов атанды.

2023-05-03_11-56-23.png

Барлық қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Барлық жаңалықтар