00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада жас домбырашылар қазақ күйлерін орындады (ФОТО)

02.07.2023 | 16:00
76
Фото: дереккөз

Астанада Amanat партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты Ұлттық домбыра күніне орай «Dombyra Party» іс-шарасын ұйымдастырып, «Алтын домбыра» орталығының 200 шәкірті қазақ күйлерін орындады, деп хабарлады Elorda.info.

Amanat партиясының хатшысы Дәулет Кәрібек домбыра – ұлттық мәдениетіміздің, руханиятымыз бен өнеріміздің алтын қазынасы екенін атап өтті.

«Қазақ бар жерде – қасиетті домбыра, домбыра бар жерде – ұлы қазақ халқы бар. Он тоғыз перне, қу шанақта халқымыздың жаны, мұңы, зары, қуанышы мен жұбанышы, тарихы мен танымы сыйып тұр. Оның екі ішегінде екі әлемнің әуені, екі дүниені тербейтін қуат бар. Рухымызды биіктететін, айбынымызды асқақтататын ұлттық аспабымыз – қастерлі қазынамыз, – деді Д.Кәрібек.

Сөз соңында партия хатшысы «Алтын домбыра» орталығының шәкірттеріне қолдау көрсетіп, алғыс хат пен қаржы сертификатын табыс етті.

dfe13d2b-9165-4e0a-ba50-ecead6225cc9.jpg

«Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев ұлттық домбыраны ұлықтау іс-шаралары елордамен шектелмей, оған ел аумағында бас-аяғы 4 000-ға жуық адам айтулы үн қосып жатқанын жеткізді.

Біз бабадан мирас болып қалған қастерлі домбыраның мәні мен маңызын, тарихын жас ұрпақтың бойына сіңіруді көздеп отырмыз. Домбыра – ұлтымыздың жүрек үні, көңіл сыры. Халықтың рухын көтеріп, ортақ Отанымызға деген махаббатын жаңғыртсақ дейміз. Ел мен жерге деген, мәдениет пен дәстүрге деген сүйіспеншілік осындай іс-шараларда қалыптасады, – деді ол.

cda8498e-d83a-4ce6-ad08-11cbef049560.jpg

Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен қара домбыра халқымыздың болмысымен егіз, мінезімен үндес аспап екенін алға тартты.

Биыл елордада 17 мың балақай бірінші сыныптың табалдырығын аттайды. Оның 9 мыңнан астамы қазақ сыныптарында білім алуға ниетті. Олардың 6 мыңнан астамы қосымша сабақ ретінде домбыра пәнін таңдады. Жас ұрпақтың ұлттық аспапқа деген қызығушылығының бір көрінісі – осы, – деді Е. Байкен.

Барлық жаңалықтар